Текст
06.01.2026
Құрметті қауым! Сіздерді жарқын да жайдары Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымызға тәжірибе, сабақ және естен кетпес сәттер сыйлады. Ал алдағы жыл жаңа үміттерге, тың жетістіктерге, мол бақыт пен берекеге толы болсын! Жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, ырыс пен ынтымақ әкелсін. Балалардың күлкісі, ата-ананың ақ батасы, ұстаздардың еңбегінің жемісі еселене берсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, мол табыс және орындалған армандар тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын! ✨
22.12.2025
✨ “Еңбек ардагерлері ізімен” челленджі ✨ Мадина Күшкентаевна бастамасымен мектебімізде аталарымыз бен апаларымыздың өмірлік жолы мен еңбегін насихаттауға арналған мәнді іс-шара ұйымдастырылды. Бұл челлендждің мақсаты — еңбек ардагерлерінің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, сыйластыққа және рухани құндылықтарды құрметтеуге баулу. Оқушылар ардагерлер туралы мәліметтер жинап, олардың өмірінен үлгі боларлық оқиғаларды бөлісіп, құрметтерін білдірді. Ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, жүрекке жақын игі бастама үшін Мадина Күшкентаевнаға алғыс білдіреміз! ❤️ #ЕңбекАрдагерлеріІзімен #Челлендж #МектепӨмірі #РуханиҚұндылық #ҰрпақСабақтастығы
17.12.2025
ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ
09.12.2025
"Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі" КММ. Желтоқсан айының 1мен 5 аралығында психология апталығы аясында мектепте іс-шаралар ұйымдастырылды. Психология апталығының қортындысы жасалып педагог-психолог сынып оқушыларына психология апталығына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Мектеп оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылып, тренинг ойындар жүргізілді.
05.12.2025
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Жанболат Рукия аудандық шешендік өнер сайысына қатысып жүлделі 3- орынға ие болды.
01.12.2025
Мектебіміздің оқушылары ауданымыздағы Ақберген олимпиадасына қатысып жүлделі 1 орынға ие болды.
20.11.2025
Біздің команда КВН ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз өнерімізді дәлелдей отырып, марапатқа ие болды. Ойын барысында тапқырлық, жылдам ойлау, командалық бірлік және ерекше әзіл-қалжыңдарымызбен көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шыға білдік. Бұл марапат – біздің еңбегіміздің, шығармашылық ізденісіміздің және бір-бірімізге деген сеніміміздің нәтижесі. Командамыз үшін бұл – үлкен жетістік әрі алдағы ойындарға шабыт беретін маңызды қадам. Бізді қолдаған барлық көрермендерге, мұғалімдерге және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Алда бұдан да биік белестерді бағындыруға дайынбыз!
11.11.2025
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Әлібек Дария "И вновь поэзия волнует душу"атты ақындардың атаулы күндеріне арналған аудандық сайысына қатысып жүлделі 1-орынға ие болды . Дайындаған жетекшісі : Жакиенова.А.С
03.11.2025
🌟 «Жас ұрпақ» облыстық қоғамдық бірлестігі
«Жас ұрпақ» облыстық қоғамдық бірлестігі – еліміздің ертеңі саналатын жастарды біріктіріп, олардың шығармашылығын, көшбасшылық қабілетін және қоғамдағы белсенділігін арттыруды мақсат еткен ұйым.
Біздің...
03.11.2025
Күзгі демалыс аясында өткен іс шарамыз« ата дәстүр - асыл қазынамыз , отбасы құндылығы» тақырыбы . Оқушы жас ұрпақтарымызға көнеден келе жатқан сал тәстүрлерімізді таныстырып, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жаңартып оларға ата салтымызды құрметтеп , салтымызды сақтауға тәрбиелеу бағытында өтті.Қазақ тәстүрлерінде өзіндік тәрбиелік мәні бар. Отбасы құндылығы , балаларда тәрбиенің ең бастауы ол отбасынан. «Ұядан не көрсең ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.Ата- ана тәрбиемен қатар бала бойына мейірімділікпен , адалдықты ар - намысты , патриоттық сезімге тәрбиелей білуі қажет.