"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ескенежал ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Ескенежал отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңның жүзеге асырылуы

14.06.2019

«Қазақстан  Республикасындағы тілдер туралы» заңның жүзеге асырылуы

 Реализация  закона «О языках в Республике Казахстан»

на 2018-2019 учебный год

  Мақсаты: ана  тілінің  маңызы мен  қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің  қадір-қасиетін түсіне  білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және  қамқорлық  жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан  өзге ұлт  өкілдерінің Қазақстан халқына  деген  сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын нығайту.

Міндеттері: 1.Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуға және сабақтан тыс уақыттарда қолдана  білуге жағдай  туғызу.

2.Аудандық , қалалық, облыстық мақсатты байқаулардың және жарыстардың,  балалар  және  ересектер қоғамдастығының  көлемін  ұлғайту.

3.Оқушының  белсенділігін  арттыра  отыра, тіл  дамыту.

4.Ауызекі  сөйлеу түрінде  үйрету.

5.Оқушылардың  сабаққа қызығушылығын  арттыру.

Критерийлер:1.Тілдер  туралы Заңының сақталуы.

2.Сабақтан  тыс  іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

3.Мақсатты  байқауларға  жүйелі қатысу.

Көрсеткіштері: 1.Мемлекеттік  тілде  сөйлеуді аптаның бір күнінде өткізу.

2.Пән онкүндігін  ұйымдастыру.

   Осы  мақсаттың  төңірегінде  тілімізді  көркейту негізінде Первомай негізгі  мектебінде  талай  іс- шаралар  қамтылып өткізілді. Тіл  мамандары, кітапханашы, пән  мұғалімдері   қазақ  тілінің  жылдан-жылға  көркейіп, қанат  жаюына  өз үлестерін қосты. Тілдер  онкүндігіне  қазақ  елін мекендейтін түрлі ұлттар мен  ұлыстардың өз ана тілдерінде сөйлеуге, туған тілдерін дамытуға толық мүмкіндіктер  жасалғаны туралы  айтылып, әр ұлт  тілдеріне байланысты түрлі шаралар мен сыныптан тыс іс жұмыстар ұйымдастырылды.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тілі – қазақ тілі. Анамыздың ақ  сүтімен  бойымызға дарыған ана тілін білу,т қастерлеу – парызымыз.     Қазақ  тілін сапалы оқыту ізденістері – бүгінгі пән мұғалімін толғандырып отырған  мәселелердің  бірі. Оқушының көп  тілді  үйренуіне мүмкіндік  тудырудың  басты шарты  - ана тілін өз  деңгейінде меңгерту. Ана тілінің қыр-сырын терең  игерген баланың  ұлттық ұстанымы қалыптасады. Осы  арайда қазақ тілін оқытудың  жан-жақты  міндеттері айқындалады.  Тілдерді  оқыту  барысында  мұғалім оқушыға білім мен  тәрбие бере  отырып,  алынған  білімді  қажеттілігіне  жарата  білу,  шығармашылық  ізденіс көздерін  ашуына  бағдар  бере  білуі керек.

    Мұғалімнің  жұмыс  жүйесі  алға  қойған  мақсатқа сай,  оқушының  жан-жақты  жұмыс істеуі мүмкіндіктеріне  жол  ашатын  міндеттерге  сай құрылуы  қажет. Первомай  негізгі  мектебінде  5 қыркүйектен  бастап  18 қыркүйек  аралығында тілдердің  онкүндігіне орай отырыс өткізіліп,  ашық сабақтардың, сыныптан-тыс  жұмыстардың  жоспары  бекітілді. Пән  мұғалімдері  бірлесе отырып келесі  шешімге  тоқталды. «Үштілдік –заман талабы»  тілдердің онкүндігіне арналған  жұмыс жоспарына  жауапты  болып  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Атагужина А.Ж.  жауапты  болып  тағайындалды.

   5-қыркүйек  Онкүдіктің  ашылу  күніне орай  жоғарғы  сынып оқушылардың  арасында  салтанатты  жиын өткізілді.  Шағын  баяндама  оқылып,  оқушылар мен ұстаздар  окүдіктің  жоспарымен танысты. 

Және   оқу ісінің  меңгерушісі Жакиенова А.С.  «А.Байтұрсынұлы – қазақ  әліпбиінің  негізін  қалаушы »  8-9сынып  оқушыларының  арасында  дөңгелек үстел  ұйымдастырып өткізді.Оқушылар  белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Тапсырмалар оқушылардың  деңгейіне сай құрылған. Мұғалім слайд арқылы  А.Байтұрсынұлы туралы  мәлімет берді. Ақынның еліне  жасаған  игі  істерімен таныстырды.

6-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеттен  «Алты  алаштың  ақиық ақыны- Мағжан» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Атагужина А.Ж.  8-сынып оқушылармен ашық  сабақ өткізді. Түрлі әдіс-тәсілдер  қолданды. Сабақ топтық жұмыс түрінде өтті, оқушылар өз бетінше  жұмыс  жасап қызығушылық танытты. 
7-қыркүйек  күні  6-сынып  жетекшісі Адебиет Е. 6-сынып оқушыларымен «Тіл –достықтың  айғағы» ашық сынып сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушыларды достыққа, адалдыққа тәрбиелеу, тілге  құрмет  Қыркүйектің 10 күні 8-9 сынып оқушыларымен  ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі  Жухай Ж. «Great  Britain and  USA» ағылшын  тілінен интеллектуалдық ойын өткізді.

11қыркүйек  күні  кітапханашысы  Тасова Д.Т., «Рухани  тәуелсіздіктің  басты  негізі – қазақ тілі. Язык  - посредник дружбы и единства»  атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

12 қыркүйек күні 6-сынып жетекшісі Хабсеит Жаныл өз сыныбымен  «Тіл  тірегіміз, соғып  тұрған жүрегіміз» ашық сынып сағатын өткізді. Мақсаты оқушылардың бойына туған тілге  деген сүйіспеншілік. Сынып сағатында «Анамның тілі, аяулы үні» әнің айтып, тілге байланысты  көрініс көрсетілді. Ең соңында мұғалім сынып сағаты талданым, мұғалімге ұсыныс пікір айтылды.

13-қыркүйек күні 8-сынып жетекшісі жас маман Бахи Алмазбек сынып оқушыларымен «Тіл мерейі, ел мерейі» ашық сынып сағатын өткізді. Оқушылар жақсы қатысып, белсенділік танытты.тілге байланысты өлең жолдары  айтылып, видиоролик көрсетілді. Үлестірмелі материалдар таратылып, шығармашылық тапсырмалар  орндау арқылы оқушылар тілге деген  құрметтерін  білдіріп шықты.

14-қыркүйек күні 5-9 сынып оқушылардың арасында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жалпы сайысқа 5-9сынып оқушылары өздерінің  қалаулары бойынша қатысты. І орын 5-сынып оқушысы Қаби Аяжан, ІІ орын 9-сынып оқушысы Қайық Балқадиша, ІІІ орын Қойкен Асылжан, Ашимбек Айдана марапатталды. Оқушылар  үш тілде  өлең  жолдарын  жатқа  оқып шықты. Тілдер апталығының өткізілуі  туралы  дене  шынықтыру  пәнінің мұғалімі Силам А. мақаласы жарияланды.

Биылғы  оқу  жылында  жоспар бойынша оқушыларымыз  сайыстарға  қатысып  жүлделі  орындарға  ие  болды.  «Абай  оқулыры» 5-сынып оқушысы Уайс Нүргүл 2 орынмен марапатталды, 9-сынып оқушысы Жанболат Жылыбай «Жүйріктен жүйрік озар» номинациясында 2 орынға  ие болды.

 

 

Латын графикасы бойынша стенд жаңартылды, және де 7-сынып оқушысы Ашимбек Айдана Латын әліпбиіне байланысты аймақтық ғылыми жобаға қатысып 2 орын иеленді. 9 сынып оқушысы Қайық Балқадиша қатысып 2 орынмен марапатталып, 100000 тг сертификатына иеленді. 1-9 сыныптар арасында «Тәрбиелі шәкірт келбеті» тақырыбы бойынша онкүндіктің ашылуы өтті.

«Абай ұлы тұлға» 5 сынып оқушыларымен, «Тазалық –саулық негізі,

Саулық –байлық негізі» 4 сынып оқушылармен ашық тәрбие сағатары өткізілді. «Мамандық- өмір таңдауы» 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел төңірегінде  пікір-талас ұйымдастырылды. Оқушылар тілінің  дамуына, туған халқының тілін жетік меңгерулеріне, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуына Первомай негізгі  мектебі ұжымы бірлесіп жұмыс істейді.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Мәзір

Текст